Болат Ақшолақов лайықты технологияларды одан әрі бағалау үшін іріктеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
Бірде-бір технология әлі таңдалған жоқ. Түркия, Франция, Оңтүстік Кореяға сапар жасалды, өткен жылы БАӘ-ге барып, қарастырдық. Венгриядағы нысандарды да қарау жоспарда бар. Барлық станция әртүрлі технологиялармен салынған. Түркиядағы ресейлік «Росатомның» технологиясы бойынша салынған станция. Франция келсек, реакторлары 1400 мегаватт. Оңтүстік Кореяда да 1200-ден 1400 мегаватқа дейінгі қондырғылар орнатылған. Кореялық мердігерлер Бірікке Араб Әмірліктерінде де станциялар салды. Таңдау әлі жасалған жоқ. Технологиялардың ғана емес, сондай-ақ АЭС жобаларын іске асыру процестерінің барлық оң және теріс жақтарын ескеру қажет. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов
Оның айтуынша, бірнеше нұсқа бар: не мемлекет өзі салады, не технологияның лицензиарына салуға мүмкіндік береді. Бірақ содан кейін ол, тиісінше, станцияларды басқарады.
Энергетика министрі қауіпсіздік, сейсмикалық және т.б. мәселелер қатар қарастырылып жатқанын атап өтті.
Біз бұл мәселелерді әлі де зерттеп жатырмыз. Тіпті ауданды – орналастыру аумағы – Үлкен ауылын шамамен белгілеп қойсақ та. Жұмыс жүріп жатыр. Бір ғана айтарым, бұған дейін бес технологияның қысқа тізімі болған. Біз АҚШ технологиясын қарастырмауды жөн көрдік, өйткені төзімділігі мен сенімділігін көрсететін бұл технологиямен салынған станция жоқ. Технология таңдалған жоқ, яғни әлі таңдау жоқ.Болат Ақшолақов
Министр технология осы жылдың аяғында – келесі жылдың басында таңдалуы мүмкін екенін айтты.