Бейжіңде өткен кездесуде Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы елшісі сұхбаттасушының назарын электрондық коммерцияны қоса алғанда, екіжақты сауда көлемін арттыру бойынша тұрақты ынталандыру шараларын қабылдау қажеттігіне аударды. Осы тұрғыда қазақстандық дипломат 2026 жылға дейінгі сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын келісуді жеделдету, сондай-ақ сауда, инвестициялар және өңіраралық өзара іс-қимыл салаларындағы жұмыс тетіктерін жандандыруды ұсынды. Елші қазақстандық тараптың Қытайға отандық мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу номенклатурасын кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар елші Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерінің тиімді жұмыс істеуі және «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін қайта жандандыру екі жақты сауда үшін маңызды екенін ерекше атап өтті.ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ван Шоувэнь қытайлық тараптың ҚР-ҚХР арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында екі ел арасындағы сауда және инвестициялар саласындағы өзара іс-қимылды жандандыруға дайын екенін білдірді.
ҚХР Коммерция министрінің орынбасары қазақстандық тарап ұсынған екіжақты тауар айналымының өсуін ынталандыру және сауда-экономикалық ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру жөніндегі шараларды қолдады.ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі