"Ұлы дала жорығы": елімізде бұрын-соңды болмаған аламан жарыс өтеді

Сурет: Мерей Қайнарұлы
Елімізде тұңғыш рет қашықтығы мың шақырымнан асатын 12 күндік аламан жарыс, марафон-бәйгеге қатысушылар "Ұлы дала жорығына" қыркүйектің 18-і күні елордадан аттанады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дүние жүзі алаш баласын арғымақты алғаш ерттеген ел деп таниды. Осы ретте сол көшпенді бабаларымыздың заңды мұрагері ретінде ат спорты мен ат туризмін заманға сай жаңғырту мақсатында жаңа жобаны қолға алдық. Өздеріңіз білесіздер, бүгін әлем елдері ат жарысының түр-түрін өткізеді. АҚШ-та, Еуропада және басқа да мемлекеттерде қысқа және ұзақ қашықтыққа арналған бәйгелер көп, бірақ сол жарыстардың ішінде ең ұзақ деген қашықтық 160 шақырымнан аспайды. Біз соның барлығын саралай келе, қашықтығы 1200 шақырымнан асатын "Ұлы дала жорығы" атты аламан жарыс марафон-бәйгесін ұйымдастыруды қолға алып отырмыз.Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев

Министрдің сөзінше, бұл жобаны "Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, тіпті әлемде теңдесі жоқ марафон-бәйге деуге де болады".

Сондай-ақ, бұл аламан Абаевтың айтуынша, жай ғана ат жарыс емес, қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғыртатын, рухын оятатын, Қазақстанның бай табиғаты мен тарихын зерделейтін, жаңа туристік маршруттарды қалыптастыратын тың жоба болмақ.

Марафон-бәйгенің бағытын таңдауда көп ойландық. Бұл егемен еліміздің тарихындағы ең ұзақ қашықтықтағы аламан болғандықтан, ол еңселі елордамыздан бастау алып, киелі Түркістан шахарына қарай аттанғанын жөн көрдік. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев

Марафоншылар мәреге 12 күн ішінде атпен жетуі тиіс. Министр "ұзақ жолға мойымаған шын мықтылар қомақты жүлдемен марапатталатынын" айтты.

Марафон-бәйгеге әр өңірден бір-бір команда қатыса алады. Бес шабандоздан құралған командалардың әрқайсысы өз аймағының намысын қорғауы тиіс. Жарысқа қатысу үшін qazanat.com сайтына өтінім беру қажет. Аламанның толық шарттары мен ережесі осы сайтта көрсетілген.

Іріктеуден өткен 20 команда 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласынан "Ұлы дала жорығына" аттанады.

Бұл бәйге болашақта өзіміздің ат үстіндегі дәстүрлі Париж – Дакар, Тур де Франс сияқты үлкен жоба болады деп сенемін. Жігіттеріміз жігерін сынайтын, қазанатымыз қажыр-күшін көрсететін марафон-бәйгеге барлығыңызды жанкүйер болуға шақырамын, – деп түйіндеді сөзін министр.
Қазақстан
Абаев Дәурен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты