Кодекс жобасының мақсаты – әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және дамыту, соның ішінде, нормаларды халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес келтіру, отбасын, ана мен баланы қолдауды дамыту, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесіндегі менеджменттің тиімділігін, әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі мен кәсібилігін арттыру, Қазақстан Республикасында әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу практикасын енгізу болып табылады. көрсетілетін қызметтердің сапасын және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі шаралардың тиімділігін қамтамасыз ету.
Құжатта жазылғандай, қолданыстағы нормативтік құқықтық базада елдің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі үшін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытудың бастапқы кезеңдері белгіленген. Кодекстің жаңа жобасын қабылдау республиканың әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру факторларының бірі ретінде әлеуметтік қамсыздандырудың ұзақ мерзімді, тиімді және тұрақты үлгіні әзірлеу және енгізу қажеттілігімен негізделген.
Кодекс жобасының жаңа редакциясы ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне сәйкестікті қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытудың құқықтық негіздерін нығайту, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының әл-ауқатын арттыру, оларды белсенді әлеуметтік және экономикалық қызметке тарту т.б. мәселелерді қарастырады.
Кодекс жобасында мынандай негізгі бағыттар көрсетілген:
ұлттық демографиялық саясаттың факторы ретінде ана мен баланы қолдау басымдығы;
еңбек нарығын дамыту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді ұйымдастырудың жаңа тәсілдері;
аз қамтылған отбасыларға материалдық әл-ауқатын арттыруға көмек;
арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жетілдіру;
мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау;
зейнетақымен қамсыздандыруды одан әрі жетілдіру;
асыраушысынан айырылған адамдар үшін әлеуметтік қолдау;
әлеуметтік қамсыздандырудың жекелеген нормаларын халықаралық стандарттар деңгейіне келтіру;
отбасының сандық әлеуметтік картасы;
әлеуметтік қызметкердің кәсібилігі мен мәртебесін арттыру.
Еңбекмин әлеуметтік-экономикалық салдарларға көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының өмір сүру сапасын жақсартуды, олардың әлеуметтік қорғалу дәрежесін арттыруды, сондай-ақ олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға кірігуі үшін тең мүмкіндіктер жасауды жатқызған.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі Кодекс жобасының новеллаларын іске асыру мынадай іс-шараларға республикалық бюджеттің қосымша қаржылық шығындарын көздейді:
1) зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру:
ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін кезең - кезеңмен 2027 жылға қарай ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін 70% – ға дейін, ең жоғарғы мөлшерін 120% – ға дейін жеткізу (2023 жылы – 60% –дан 100% - ға дейін, 2024 жылы-65% - дан 105% - ға дейін, 2025 жылы-70% - дан 110% - ға дейін, 2026 жылы - 70% - дан 118% - ға дейін, 2027 жылы-70% - дан 120% - ға дейін),
жасына байланысты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табысты 46-дан 55 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру, бұл өткен жылғы ел бойынша орташа жалақының 70% - ына сәйкес келеді,
жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарналарын кезең – кезеңмен енгізу (2023ж. – 1,5%; 2024ж. – 2,5%; 2025ж. – 3,5%; 2026ж. – 4,5%; 2027ж. - 5%),
2028 жылдан бастап базалық зейнетақыны ең төменгі жалақы мөлшеріне байланыстыруды белгілеу;
2) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау:
үшінші топтағы бала кезінен мүгедек адамдарға мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін 1,2 ПМ-ден 1,4 ПМ-ге дейін теңестіру,
2028 жылдан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды ең төменгі жалақы мөлшеріне байланыстыруды белгілеу,
2025 жылдан бастап сырттай куәландыру бойынша тәуелсіз сарапшылар институтын енгізу;
3) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау:
бала күтімі бойынша 1,5 жылға дейінгі мемлекеттік жәрдемақы төлеу кезеңін ұлғайту, оның ішінде 6 айдан кем қатысу өтілі бар азаматтарды республикалық бюджет есебінен бала күтімі жөніндегі мемлекеттік жәрдемақыға ауыстыру,
бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау,
«Алтын алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақыны 7,4 АЕК-ке дейін ұлғайту;
4) асыраушысынан айырылған адамдар үшін әлеуметтік қолдау:
жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы үшін жерлеуге арналған біржолғы төлемді 35 АЕК-ке дейін ұлғайту.
Осы новеллаларды іске асыруға қосымша қажет сома:
2023 жылы 265,0 млрд тг.;
2024 жылы 399,1 млрд тг.;
2025 жылы 583,0 млрд тг.
Барлығы 3 жыл ішінде республикалық бюджет шығыстары 1 247,1 млрд теңге болады.
Құжат 16 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.