Дүйсенова Отбасының цифрлық картасы бойынша атқарылып жатқан жұмысқа тоқталды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру мақсатында ведомство жүргізіп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр Мемлекет басшысының Отбасының цифрлық картасын енгізу жөніндегі тапсырмасы 1 қыркүйектен бастап пилоттық режимде іске асырылып жатқанын еске салды.

Жалпы, бұл картаны ел азаматтарына әлеуметтік мәртебесіне қарай кепілді мемлекеттік қолдау көрсететін электронды хабарландырушы деп атауға болады. Барлық ұсынылатын қызметтер проактивті форматта көрсетілетін болады. Цифрлық картаны енгізуді 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Тамара Дүйсенова

Ол картаны енгізу бойынша қажетті өзгерістер Әлеуметтік кодекс жобасына және бірқатар заңдарға 2022 жылдың желтоқсанына дейін енгізілетінін нақтылады.

Еңбек министрі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап карта аясында әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы қызметтер проактивті форматта көрсетілетінін айтты. Бұл ретте басқа мемлекеттік органдардың қызметтерін 2024-2025 жылдары енгізу жоспарлануда.

2023 жылдан бастап әлеуметтік әмиянды енгізу ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құзыретінде болады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: