Кореядағы қайғылы оқиға кезінде ақтөбелік студент қыз қаза тапқан – ҚР СІМ

Сурет: Zakon.kz
Сеулдегі трагедияға байланысты тәулік бойына жұмыс істеп жатқан Кореядағы ҚР елшілігінің бөлімі қаза тапқандар арасынан Қазақстан азаматының анықталғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында 1996 жылғы Ақтөбе облысының тумасы табылды. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған.

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланысқа шығып, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуге дайын. ҚР СІМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, Сеулде көптеген ойын-сауық орындары орналасқан Итэвон аймағындағы тар көшемен жылжыған топ адамдар есінен танып, кейбірі аяқ астында қалып кеткен.

Шұғыл қызмет қаза тапқандар саны 151-ге дейін артқанын мәлімдеді.

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль Ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Сеул қаласындағы қайғылы оқиғаның салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шекті. Оңтүстік Кореядағы ҚР елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев