Жаңалықтар тізбегі
0

Оңтүстік Кореяда Сеулдегі қайғылы оқиғаға байланысты Ұлттық аза тұту күні жарияланды

Қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2022 09:55 Сурет: pixabay
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль Сеулдегі Итхавон ауданындағы қайғылы жағдайға байланысты Ұлттық аза тұту күнін жариялады. Ол қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айта отырып, аталған жайттың себептерін тергеуге уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости мәліметінше, Юн Сок Ёль бұл қайғылы оқиғаны "орын алмауы тиіс трагедия"деп атады. Ол барлық зардап шеккендерге ем берілетіндігіне уәде берді.

Қаза тапқандардың жаны жайлы болуы үшін дұға етемін, зардап шеккендер тез сауығып кетеді деп үміттенемін. Қымбат жанын жоғалтқан отбасыларға қайғыра отырып, көңіл айтамын. Бүгіннен бастап және жағдайдың салдары жойылғанға дейін, мен елімізде Ұлттық аза тұту күнін жариялаймын. Осы жағдайды шешу және болашақ үшін шаралар қабылдау үкіметтің басты басымдық беретін мәселесі болады. Біз оқиғаның себептерін мұқият зерттеп, болашақта мұндай жағдайды болдырмас үшін кешенді шаралар қолданамыз. Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль

Сонымен қатар, шұғыл әрекет ету қызметі қаза тапқандар санының 151-ге дейін артқанын мәлімдеді.

Айта кетсек, Сеулде көптеген ойын-сауық орыны орналасқан Итэвон аймағында тар көшемен ағылған топ адам, бір-бірін қысып, таптап кеткен. Адамдар бірінен кейін бірі есінен тана бастаған. Олар Хэллоуинді тойлап, көшеге шыққан. Ал тар көшеге ағылу себебі сол маңға атақты бір өнер адамы келгенге ұқсайды. Соны көру үшін асыққан адамдар бір-бірін қысып, итере-митере алға ұмтылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: