Бүгін – жалпыұлттық аза тұту күні
Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды террористік актілердің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні етіп жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту жариялансын," – делінген Президенттің 8 қаңтарда шығарған өкімінде.
Ресми дерек бойынша, Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 165 адамның қайтыс болғаны белгілі болды.
Жаппай тәртіпсіздік салдарынан:
Алматыда 103 адам (оның ішінде екеуі бала);
Қызылорда облысында 21 адам;
Жамбыл облысында 10 адам;
Алматы облысында 8 адам қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript