Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2021 12:00 Ақорда
Таңғы сағат 10-да Қазақстанның барлық мешіттерінде қаза тапқандардың рухына құран бағышталады.

Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамыз Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Осыған орай бүгін Мемлекеттік ту төмен түсірілді. Ал таңғы сағат 10-да Қазақстанның барлық мешіттерінде қаза тапқандардың рухына құран бағышталады. Бұл күні бұқаралық ақпарат құралдарында көңілашар бағдарламалар тоқтайды. Ойын-сауық шаралары өткізілмейді.

26 тамызда сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан оқшауланған әскери бөлімде инженерлік оқ-дәрі қоймасында өрт шықты. Өрттің салдарынан онға жуық жарылыс болды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің 5 -ге жуық қызметкері түрлі дене жарақаттарын алды.

Қазіргі уақытта 13 құрбан жайлы мәлімет бар.

Опат болғандардың арасында:

Сержант-майор Нәдірбеков Еркін Ерікбайұлы;
Сержант Мешінбай Марат Сайлауұлы;
Ефрейтор Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы;
ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Дәлібаев Оразбек Дайрайұлы;
Жамбыл облысы ТЖД, Тараз қалалық "Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары" мемлекеттік мекемесі, ӨСБ-3 өрт сөндіруші-құтқарушысы Темірболатов Арнұр Серікұлы;

Жамбыл облысы ТЖД, Тараз қалалық "Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары" мемлекеттік мекемесі, ӨСБ-3 аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы;

Жамбыл облысы ТЖД, Тараз қалалық "Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары" мемлекеттік мекемесінің Өрт сөндіру бастығының орынбасары Микропуло Александр Николаевич;
Жамбыл облысы ТЖД, Тараз қалалық "Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары" мемлекеттік мекемесі, ӨСБ-1 аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы;
Жамбыл облысы ТЖД, Тараз қалалық "Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Айманов Мейіржан Қақпосынұлы;

Әскери прокурор Арман Қапезов бар.

Үш адамның мәйіті кімдікі екені анықталған жоқ. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты. Президент шұғыл жиын өткізіп, төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ведомствоаралық комиссия құруды тапсырды. Мемлекетік басшысы жергілікті билікке ауыл тұрғындарын үйлеріне қайтаруға бағытталған шаралар қабылдауды, сондай-ақ болған оқиғаға қатысты объективті тергеу жүргізуді тапсырды.

№28349 әскери бөлімі мен Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасы 1972 жылдан бері бар. Арыстағы өрттің салдары жойылғаннан кейін инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі 2019 жылы осы қоймаға әкелінді.

Осыған орай Мемлекеттік ту төмен түсірілді. Ал таңғы сағат 10-да Қазақстанның барлық мешіттерінде қаза тапқандардың рухына құран бағышталады. Бұл күні бұқаралық ақпарат құралдарында көңілашар бағдарламалар тоқтайды. Ойын-сауық

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: