Елімізде қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылады

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
ҚР ИИДМ "Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры" акционерлік қоғамын құру туралы қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен "Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры»" акционерлік қоғамы құрылсын" – деп жазылған қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ құжатта Қоғам қызметінің негізгі мәні ретінде отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарын жаңғырту жазылған.

Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 2022 жылға көзделген республикалық бюджеттен 153150000 (бір жүз елу үш миллион бір жүз елу мың) теңге бөлу жоспарланған.

Қаулы жобасы 21 желтоқсанға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды