Қазақстанның кейбір өңірлерінде коммуналдық қызмет тарифтері көтерілуі мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның кейбір өңірлерінде электр және жылу энергиясына коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеру жоспарланды. Бұл туралы 26 желтоқсанда Сенат кулуарында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы тарифтер 2023 жылдың екінші жартыжылдығында көтерілуі мүмкін екенін атап өтті.

"Бұл мемлекет меншігіндегі субъектілердің жұмысты, желілерді жаңғырту қажеттігінен туындады. Өздеріңіз білесіздер, президент өзінің сайлауалды бағдарламасында тиісті көрсеткіштерді белгіледі". Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров

Тарифтер барлық өңірде бірдей көтерілмейді. Шешім ЖЭО-ның тозу дәрежесіне қарай қабылданады.

Министрдің айтуынша, оыслайша жылу электр станцияларының тозуын 15-20 пайызға азайтуға болады.

"Тариф көтеріледі, басқа жол жоқ. Мұны әлі талқылайтынымызды айттым, әрине. Мысалы, Екібастұзда субъект тарифті 2,5 есеге көтеруді ұсынды. Әрине, бұл мүмкін емес".Әлібек Қуантыров
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты