Жастар саясатының тұжырымдамасы егеменді Қазақстанның жаңа сын-қатерлері тұрғысынан жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған процестерді білдіреді, сондай-ақ жастарды қоғамға әлеуметтік және экономикалық интеграциялау саласындағы негізгі міндеттер мен басымдықтарды айқындайды.
Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты – жастардың толыққанды рухани, мәдени, білім беру, кәсіптік және дене шынықтыру дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысу, табысты әлеуметтену және оның әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау.
Құжатта сыртқы факторлардың әсері бүгінгі таңда қазақстандықтардың жас буыны жаңа жаһандық сын-қатерлер мен соған байланысты тәуекелдерге тап болуына ықпал етіп отырғаны баса айтылған. Жаһандық деңгейде болып жатқан қоғамдық өмірдегі өзгерістер, цифрландыру, бұқаралық коммуникациялардың қарқындылығы мен тереңдігінің артуы, әскери және гибридтік қақтығыстар адамдардың қалауына, құндылық көзқарастарына және өмір салтына айтарлықтай әсер етеді.
Алайда жаңа әлемнің барлық үрдістері болашақта оң нәтиже бере алмайды. Сондықтан өзекті тұжырымдаманы қабылдау озық болуы керек.
Ақпарт министрілігі өкілдерінің пікірінше, Қазақстанда "жастарға арналған саясаттан" "жастармен саясатқа" түбегейлі көшу қажеттігі туындады. Бұл мемлекеттік жастар саясаты объектісінен жастар мемлекеттің негізгі субъектісі мен серіктесі ұстанымдарына ауысатынын білдіреді. Мемлекеттің жастармен диалогы маңызды, оны бастамашыл және жасампаз күш ретінде қараған жөн, оның әлеуеті қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін барынша пайдаланылуы керек.
Сондай-ақ заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу және Кешенді жоспарды іске асыру ағымдағы сын-тегеуріндер мен ықтимал қатерлерге кешенді және өзекті жауап беруді қамтамасыз етпейтіні айтылған. Осыған байланысты заман талаптарына жауап беретін жаңа тұжырымдамалық шешімдерді әзірлеу қажеттілігінің объективтілігі атап өтіледі.
Жас қазақстандықтардың ағымдағы сұраныстарына уақтылы шешімдерді қамтитын жастармен жұмыс жөніндегі жаңа бірыңғай стратегия қажет.
Тұжырымдама жобасын әзірлеушілердің пікірінше, жаңа тұжырымдама жастар саясатын дамытудың бірыңғай стратегиясын айқындауға және іске асырылатын бытыраңқы жобаларды тұтас жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл құжат мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын (ұлттық жобалар, мемлекеттік органдар мен өңірлердің даму жоспарлары, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары) қайта жүктеуге, жастардың әлеуетін іске асыруды ынталандырудың құқықтық өрісте бекітілген тетіктері мен құралдарын түгендеуге және біріктіруге (НҚА мен заңға тәуелді актілерді жетілдіру) мүмкіндік береді.
Тұжырымдамада жастар саясатын бірнеше бағытта дамыту қарастырылған:
- Азаматтық қатысу және шешім қабылдауға қатысу
- Әлеуетті іске асыру және кәсіпкерлік
- Оқу-ағарту және мәдениет
- Заманауи құндылықтар және патриоттық тәрбие
- Ақпараттық кеңістік
- Салауатты өмір салты
- Ауыл және жастар
2027 жылға қарай күтілетін нәтижелер:
- Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобаларға қатысқан жастардың үлесін 10% - ға дейін ұлғайту.
- Жастардың мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар болу деңгейін 90%-ға дейін арттыру.
- NEET санатындағы жастарды 5,8%-ға дейін төмендету.
- Еліміздегі жастар саясатын іске асыруға толық қанағаттанған жастардың үлесін 30%-ға дейін ұлғайту.
Құжат 26 қаңтарға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.