Журналистер өткен жылдың тамыз айында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қосымша ақша бөлу мүмкіндігін қарастыруы мүмкін екенін айтқанын еске салды. Осы орайда БАҚ өкілдері "Бұл бағдарлама халық ішінде көп сұранысқа ие болғандықтан қосымша қаржы бөліне ме?" деп сұрады.
"Әзірге қосымша өтінімдер түскен жоқ, бірақ бұл ретте автонесиеден басқа өте әлеуметтік маңызы бар жобалар бар екенін айта кетейін". Ерұлан Жамаубаев
Ал "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров Қор автонесие алуға ниет білдіргендердің саны туралы анықтама дайындап жатқанын айтты.
"Ол анықтама үкіметке беріледі. Біз осы бағдарлама бойынша ақшаға жалпы қажеттілікті көрсетеміз... Біз Қор ретінде үкіметке сұрақ қоя алмаймыз, оларға анықтама береміз. Біз олар қарап, қажеттілікті бағалайтын ақпарат береміз". Ринат Ғаппаров
2023 жылғы 6 ақпан күні сағат 10:00-де Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. 18 секундта жеңіл автокөлікке берілген несие игерілді.