Роман Скляр ГФР Бундестаг делегациясымен кездесті

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр "Германия – Орталық Азия" парламенттік тобының төрағасы Ойген Шмидт басқаратын ГФР Бундестаг делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар талқылауға депутаттар Томас Барайсс, Кристиан Горке, Кристиан Шрайдер, ГФР-дің Қазақстандағы елшісі Моника Иверсен қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында тараптар қазақ-неміс сауда-инвестициялық өзара іс-қимылының басым бағыттарын дамыту мәселелерін талқылады, "жасыл" экономика және энергетика саласындағы перспективалы жобалар бойынша пікір алмасты.

Қазақстан мен Германия арасындағы тығыз саяси диалогты атап өткен Р. Скляр екіжақты тауар айналымының өсіп келе жатқанына және біздің елімізге тартылған тікелей неміс инвестицияларының ұлғайып жатқанына назар аударды.

Өз кезегінде депутаттар ҚР Үкіметі жанындағы Неміс бизнесімен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметін жоғары бағалады және ГФР Бундестагының салалық комитеттерінің желісі бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға үлес қосуға дайын екендерін білдірді.


Сурет: primeminister.kz


Қазақстан
Скляр Роман

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?