Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бағдарламаны іске асыру нәтижесінде бюджет саласының 1,1 млн-нан астам қызметкерінің, атап айтқанда 74 мың дәрігердің жалақысы орта есеппен 30%, 600 мың педагог пен мұғалімнің – 25%, 173 мың орта медициналық персоналдың жалақысы 20% және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің ішінде басқа да санаттарының жалақысы 20% өскенін хабарлады. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және қызметкерлер арасындағы еңбекақы алшақтығын азайту бойынша қосымша шаралар қабылданды.
Сонымен қатар бүгінгі таңда бағдарламаны 2029 жылға дейін өзектендіру шаралары пысықталды. Бұл ретте оны республикалық және өңірлік деңгейлерге бөлу жоспарланып отыр, бұл жергілікті атқарушы органдарды кеңінен тартуға мүмкіндік береді.
Алдағы кезеңдегі негізгі бағыттардың бірі - Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орындарын құру, "Ауыл аманаты" жобасы аясында ауыл халқының табысын арттыру, сонымен бірге шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету .
Сонымен қатар бюджеттен жалақыны көтеру және азаматтарға жаңа цифрлық қызметтер арқылы белсенді әлеуметтік қолдаудың шараларымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру жоспарланып отыр.
Премьер-министр екі күн ішінде халықтың табысын арттырудың өңірлік жоспарларын бекітуді қамтамасыз етіп, бағдарламаны Үкіметке кешенді жоспар түрінде жеделдетіп келісу және енгізу қажет екенін айтты.
Жиында сонымен бірге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек және Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов баяндама жасады.