Қаржы вице-министрі егер қиындық болса, "банкрот болам" деген ойдан қайту керек екенін айтты. Себебі қазір пайыздық үстемеге байланысты немесебасқа да қиыншылық болса, мәселені бірінші банк арқылы шешу керек.
"Банкте мәселе шешілмесе, 12 ай бойы төлем төленбесе ғана банкроттыққа жүгіне алады. Қазір халық арасында банкке төлемді төлемей, банкрот болайық деген де түсінік бар. Әлеуметтік желілерде қызмет көрсететін компаниялар пайда болды.Оған халық ермеуі керек. Өйткені ол – алдамшы процесс. Барлық сұрақ өкілетті орган – Кірістер комитеті арқылы ғана шешілуі керек және бұл процедура тегін екенін ескертеміз".Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов
Оның сөзінше, қиындық туса, біріншеден, қарыз берген банкке жолығу керек. Мәселе шешілмесе, 12 ай өткеннен кейін ғана банкроттыққа арыз беруге болады.
Егер іс сотқа өтіп кетіп, мәселе сот шеңберінде қаралып жатса, ол адамның құқығы шектелмеген, банкроттыққа арыз бере алады.