Мектептерді бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету 2,5 есеге артқан - Оқу-ағарту министрі

Сурет: primeminister.kz
Үкіметте Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік және оқу процесін цифрландыру тақырыбында отырыс өтіп жатыр. Отырысқа қатысқан Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елдегі мектептердің қауіпсіздік жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2020 жылмен салыстырғанда қазір мектептерді:

Сонымен қатар 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бейнебақылау жүйелерімен білім мекемелері 100% қамтылған. Әкімдіктер оларды нұсқаулықтың жаңа талаптарына сәйкестендіру жұмысын жүргізіп жатыр. Ал жедел басқару орталықтарына 6 мыңға жуық білім ошағы қосылған. Лицензияланған күзетпен 2 мыңға жуық, дабыл түймелерімен 2400-ден аса білім беру нысандары қамтылған. Дегенмен бұл жұмысты мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бірқатар өңірлер 2023 жылдың қыркүйегіне дейін толық аяқтауы қажет", - деді Оқу-ағарту министрі.

Министрдің өзінше, бүгінде мониторингтік топ 10 мыңнан аса білім беру ұйымдарының 7 мыңға жуығын қамтыды. Жұмыс наурыз айының соңына дейін аяқталып, нәтижесі министрліктің алқалы отырысында қаралады.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Қазақтың алғашқы әйел дәрігері Аққағаз Досжанова туралы не білеміз

Қазақстан үкімет отырысын өткізудің жаңа форматына көшті