Департамент автодилерлердің мұндай әрекеттері "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңы нормаларына қайшы келеді.
"Заңның 8-1-бабына сәйкес, сатушы тұтынушымен жасалған шартқа тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуі тиіс. Заңның 28-бабына сәйкес, сатушы өзінің жұмыс режимін ескере отырып, тұтынушыға қолайлы уақытта тиісті сапалы тауарды еркін таңдауды қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыны тауарды қажетсіз мөлшерде және ассортимент сатып алуға мәжбүрлеуге және белгілі бір тауарларды сатып алуды, басқа тауарларды міндетті түрде сатып алуға негіздеуге тыйым салынады", делінген хабарламада.
Тұтынушыларға жаңа автомобильдерді сату кезінде, қосымша опцияларды орнату тек сатып алушының келісімімен жүзеге асырылатынын есте ұстаған жөн. Мысалы, клиенттер сатып алмаған жаңа көліктерді сату кезінде, қосымша опциялар орнатылған көлікке, қосымша жабдықтың құны және оны орнату жаңа көліктің құнына қосылады. Мұндай жағдайларда сатып алушы осы жабдықты бөлшектеумен шығыстарға келіскен жағдайда қосымша жабдықты бөлшектеуді талап етуге құқылы.
"Бірақ сатып алушы көлікті қосымша жабдықсыз сатып алуға құқылы екенін есте ұстаған жөн", - дейді құзырлы ведомство.