Баланы зорлық-зомбылықтан қалай қорғауға болады
Сурет: freepik
Ақмола облысының прокуратурасы ата-аналарға арналған "Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек" атты жадынамамен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баланы қауіп-қатерден қорғаудың пункттері мыналар:
- Балаға ересек адамдардан қауіп төнген жағдайда "ЖОҚ" деп айтуды үйретіңіз;
- Егер біреу оны ұстауға әрекет етсе, балаға "Бұл менің Әкем емес (Анам емес)" деп даусын шығарып айқайлауды үйретіңіз. Бұл айналасындағылардың назарын аудартады және қылмыскерді қаймықтырады.
- Балаға қайда баратынын, қай бағытпен, қай уақытта қайтатынын, кіммен болатынын хабарлап отыруды, егерде жоспары өзгеріп жатса қоңырау шалу қажет екенін үйретіңіз.
- Баланы балабақшадан және мектептен өзіңіз алуға тырысыңыз.
- Егер басқа біреу алатын болса, алдын ала ескертіңіз.
- Балаға құпия сөз ойлап табыңыз. Бұл құпия сөз балаға білмеген бөтен адамдармен бірге кетпеуі немесе бөтен көлікке отырмауы үшін керек.
- Балаға жалғыз жүргеннен гөрі достарымен бірге қыдыру қауіпсіз екенін жеткізіңіз.
- Жалғыз қыдырған бала қылмыскердің назарын өзіне аудартады.
- Баланы жылына бір рет суретке түсіріңіз. Тым болмағанда Сізде жана суреті болады.
- Балалардың Интернетте еркін отыруына жол бермеңіз. Баланың әлеуметтік желідегі өміріне белсене атсалысыңыз.
- Балаға Интернет желісіндегі қауіптілік туралы айтып ескертіңіз. Егер бала басқа Интернет қолданушы тарапынан келеңсіздікке немесе зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда, оған дереу жақын адамдарына хабарлау керектігін түсіндіріңіз.
- Бала барлық жағдайды айтып жеткізе алатын ата-ананың қатарынан болыңыз.
- Бала әрқашан оны жақсы көретініне, егер ол жоғалып кетсе немесе ұрланса, оны іздеу тоқтамайтынына сенімді болуы керек.
Айта кетсек, Алматы облысында үш жасар егіздер мен тоғыз жасар қызды зорланған өгей әке сотталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript