Жаңалықтар тізбегі
0

"Зорлық-зомбылық қарым-қатынастың аяқталғанын білдіреді"- Психологтың пікірі

«Зорлық-зомбылық қарым-қатынастың аяқталғанын білдіреді». Психологтың пікірі, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2023 10:29 Сурет: pexels
Жазғы демалыстан кейін еліміздегі дағдарыс орталықтары күйеулерінен қорған іздеген әйелдерді қабылдауға дайындалып жатыр. Айта кетйік, Қызылорда облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 200-ге жуық құрбаны 40 адамға арналған бір ғана баспананы паналауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік қызметкерлердің мәліметінше, дәл осы күз мезгілі басталғанда оларға баспана сұрап, өтініш білдірушілер саны рекордтық көрсеткішке жетеді. Отбасылық психолог Алла Жукова отбасында көбіне зорлық-зомбылықтың қалай және не себепті пайда болатыны туралы айтып берді.

– Қазақстанда әрбір үшінші отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алады. Бірін-бірі сүйіп қосылған екі адам уақыт өте келе зорлық көрсетуші мен құрбанға айналып жатады. Бұның себебі неде?

– Бірін-біріне жақын екендерін сезінетін жұпты елестетіп көрейік, мысалы, екеуінің де арманы ортақ, екеуі де үйленгісі келеді. Яғни, олар бір-бірін өздеріне лайықты көреді. Ішкі жан-дүнелерін, әлеуметтік мәртебелерін, мінездерін барынша сәйкес келеді деп санайды.

Бірақ, уақыт өте келе біреуінің сезімі сууы мүмкін. Екіншісі оны байқап, ренжиді. Өзін алданып қалғандай сезінеді. Шынында сезім тек бастапқы кезеңде ғана болуы мүмкін. Ал ол сезімнің суып кетуіне көптеген жағдайлар әсер етеді.

– Мысалы, қандай жағдайлар?

– Негізінен қиындықтар бала пайда болғанда басталады. Сөйтіп, біреуі оған қарау керек болады. Біздің елде көбінесе күйеуі жұмыс істейді, ал әйелі үй шаруасымен айналысады. Әрине, бала тәрбиелеуден гөрі маңызды жұмыс жоқ, алайда, біздің қоғамда ананың еңбегі бағаланбай жатады. Әйел өзінің рөлі төмендетілетінін сезеді, сөйтіп, ол да өзін-өзі бағалауды қояды. Нәтижесінде, энергиясы төмендеп, өзін бақытты сезіне алмайды.

Күйеуі әйелінің жұмысын, әсіресе оның бала тәрбиесіндегі еңбегін өте жоғары бағаласа да, жалақысының бір бөлігін беру арқылы өзінің қолдауын іс-әрекетімен растаса да, бұл мәселеде басқа да қиындықтар бар. Ерлі-зайыптылардың қызығушылықтары мен шаруалары әртүрлі болғанда, көп уақытын бөлек өткізгенде, қарым-қатынаста кедергілер пайда болып, кикілжіңдер туындайды.

Ер адам күні бойы жұмыста болып, шаршап келеді де демалуды армандайды. Ал әйелі үй шаруасымен әлек, күйеуінің осы жұмыстарға көбірек қатысқанын қалайды. Екеуі де бір-біріне тәуелді болғанымен, өзара түсіністік жоғала бастайды. Сондай-ақ бізде туыстар да мәселені ушықтыруы мүмкін – әдетте баласын жақтайтын енесі.

Бұл қиындықты жеңу үшін бір-бірінің өміріне көбірек қатысуы және туыстардың араға түсе бермеуі қажет. Күйеуі отбасына көбірек уақыт бөліп, ал әйелі күйеуінің қызығушылықтарын қолдауы керек. Екеуі бірін-бірі үшін маңызды екенін сезінуі маңызды.

– Отбасындағы мұндай жағдай қай сәтте зорлық-зомбылыққа ұласуы мүмкін?

– Өкінішке орай, бір-біріне қатты тәуелді әрі наразылық күшейіп тұрған кез келген қарым-қатынаста зорлық-зомбылық басталуы мүмкін. Егер наразылық елеусіз болса, зорлық-зомбылық басталмайды. Егер бір-біріне қатты тәуелді болмаса, жанжал туындаған жағдайда жұптар жай ғана ажырасып кетеді. Бірақ, оларды байланыстырып тұрған жайт күшті болса және наразылық күшейсе, зорлық-зомбылық болуы мүмкін. Статистикаға сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің шамамен 70%-ында балалары бар. Солардың тыныштығы үшін әйелдер өздеріне деген осындай қарым-қатынасқа төзуге дайын.

Зорлық-зомбылықты бастайтын көбінесе ер адамдар. Бұл олардың физикалық агрессия көрсетуге бейімділігімен байланысты, бала кезден "ер адам өзін қорғауы керек" деген түсінік қалыптасқан. Алайда, ер адам неғұрлым білімді болса, соғұрлым оның физикалық күшке жүгіну ықтималдығы азаяды. Бұл оның өз агрессиясын толығымен басады дегенді білдірмейді. Ол бұл орайда психологиялық қысымды қолдануы мүмкін.

– Психологиялық және физикалық қысымды қалай болдырмауға болады?

– Жалпы, физикалық агрессияға тыйым салу ғана емес, сонымен қатар, қатыгездіктің тамырын, соның ішінде эмоционалды тамырларын жою маңызды.

Жанжалды кім бірінші бастағаны маңызды емес, оған екі адам қатысады. Ұрыс енді басталған кезде, егер екі тарап бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі болса, әлі де жағдайды түзетуге мүмкіндік сақталады. Алайда, жанжал өшіп, эмоциялар асып-тасып жатқанда оқиғаның барысын өзгерту өте қиын.

– Зорлық-зомбылық орын алған жағдайда қарым-қатынасты сақтап қалуға бола ма?

– Қорлау мен реніштер бара-бара зорлық-зомбылыққа айналады. Ал әйел де оған өз үлесін қосып, жағдайдың ушығуына мүмкіндік берді. Бұл әйелдердің зорлық-зомбылықтан кейін кетпеуінің басты себебін тудырады – олар қарым-қатынастың бұзылуына қатысқанын түсінеді және өздерін кінәлі сезінеді.

Өкінішке орай, егер зорлық-зомбылық бір рет болса, онда ол болашақта да қайталанады. Көбінесе зорлық-зомбылық қарым-қатынастың аяқталғанын білдіреді. Сондықтан мен әйелдерге үй шаруасында қамалмауға кеңес беремін. Психологиялық және қаржылық қолдауға ие болу үшін әйел мен ананың рөлі жеткіліксіз, басқа әлеуметтік рөлдер де қажет.

Ауыр физикалық зорлық-зомбылық туралы айтатын болсақ, қарым-қатынасқа екінші мүмкіндік берудің жалғыз жолы – оны толығымен қайта құру. Сөйлесу, кешірім сұрау және уәделер беру жеткіліксіз. Бұрынғы қақтығыстардың туындау мүмкіндігін жою үшін қарым-қатынасты түбегейлі қайта құру қажет. Бұл оңай шаруа емес, ол үшін әйел де, еркек те үлкен ішкі жұмыс жасауы керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: