Жаңалықтар тізбегі
0

СІМ Қырғыз елі жолдаған гуманитарлық көмекке қатысты егжей-тегжейлі мәлімет ұсынды

Гуманитарлық жүк, Қырғыз елі, су тасқыны, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 18:01 Сурет: ҚР ТЖМ
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров 2024 жылы 8 сәуірде өткен брифинг барысында Қырғыз Республикасы жолдаған гуманитарлық көмек туралы егжей-тегжейлі мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Қырғыз елі су тасқыны жағдайындағы Қазақстанға бауырластық қолдау танытып, көмек көрсеткенін жеткізді.

"Екі күн бұрын Қазақстан шекарасын Қырғыз елінің тауарлары тиелген 15 жүк көлігі мен Қырғыз Республикасы ТЖМ-ның бір жол талғамайтын көлігі кесіп өтті. Жүктің салмағы - 300 тонна. Атап айтқанда, азық-түлік, шатырлар, жылытқыш құрылғылар, кереуеттер, шамдар, матрацтар, киім-кешектер. Біз бүгіндері жеделхаттар жолдап жатқан серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз", - деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ, ҚР СІМ ресми өкілі Қазақстанға қолдау білдіретінін, өздерінің көмектескісі келетінін жеткізген бірнеше телефон қоңыраулары болғанын да айтты.

"Бірақ өздеріңіз білетіндей, елімізде жаппай жедел штабтар ашылаы. Қазір Үкімет бұл мәселемен толыққанды айналысуда, Үкімет басшының барлық орынбасарлары өңірлерде жүр, бүгіндері жағдай күрделі болса да, барлығы бақылауда. Материалдық резервтегі ресурстар да пайдаланылып, өзге де көмектесіп жатқан ел азаматтары бар. ТЖМ жергілікті билікпен қоян-қолтық жұмыс жүргізуде", - деп сөзін толықтырды Айбек Смадияров.

2024 жылдың 6 сәуірінде Жамбыл облысына Қырғыз елінің гуманитарлық жүгі тиелген 15 фура келіп жеткен болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: