Жаңалықтар тізбегі
0

Үндістаннан Қазақстанға әкелінген тырысқақ ошағының көзі жойылды

Алматы-Дели, тырысқақ ошағы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2024 21:55 Сурет: gov.kz
Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana әуе компаниясы рейсінің бортында тіркелген тырысқақ ошағының сәтті жойылғандығын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жедел іс-қимылдары ел ішінде тырысқақтың таралуын болдырмай, инфекцияны уақтылы анықтауға және оқшаулауға мүмкіндік берді.

"Байланыста болған адамдардың зертханалық зерттеулерінің нәтижелері - теріс, 154 адамнан медициналық бақылау алынып тасталды. Сырқаттанған Қырғыз Республикасының азаматы емделуден сәтті өтіп, жақсы нәтижемен стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта ол Бішкек қаласына кетті", делінген ведомство хабарламасында.

Халыққа, әсіресе Үндістан, Ауғанстан мен Пәкістан секілді елдерді қоса алғанда, тырысқақпен сырқаттанушылық жоғары Африка мен Азияның кейбір өңірлеріне сапар шегуді жоспарлап отырған адамдарға келесі ұсынымдар:

  • ⁠тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;⁠
  • сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;⁠
  • тұтынар алдында өнімдерді тиісті термиялық өңдеуді жүргізу;
  • жемістер мен көкөністерді тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суда жуу;
  • қол гигиенасын сақтау, оларды әр тамақ алдында және дәретханаға барғаннан кейін сабынмен жуу;
  • судың аузға кетуіне жол бермей, тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу;
  • аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеуден аулақ болып, дереу медициналық көмекке жүгіну.

Айта кетсек, 7 сәуірде Дели – Алматы рейсімен ұшып келген жолаушыдан қауіпті жұқпалы ауру анықталғаны белгілі болды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: