Жаңалықтар тізбегі
0

Дели – Алматы рейсімен ұшып келген жолаушыдан тырысқақ анықталды. Басқа жолаушылардан инфекция анықталды ма

Дели – Алматы рейсімен ұшып келген жолаушыдан тырысқақ анықталды. Басқа жолаушылардан инфекция анықталды ма , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 16:27 Сурет: akorda.kz
5 сәуірде Дели – Алматы рейсімен ұшып келген жолаушыдан тырысқақ анықталған болатын. Басқа жолаушылардан инфекция анықталды ма? Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Zakon.kz тілшісіне ақпарат берді.

2024 жылғы 5 сәуірде Air Astana әуекомпаниясының Дели – Алматы рейсінде тырысқақпен ауыратын жолаушы анықталғаны белгілі болды. Науқас пен ұшақтағы жолаушылар Алматының инфекциялық стационарына жатқызылды.

8 сәуірде қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша байланысқан адамдар арасында науқастар немесе тырысқақ тасымалдаушылары анықталмаған.

Бұл ретте экипаждың бірнеше мүшесі стационарда қалады.

"Сегіз адамнан тұратын борт экипажының барлық құрамы инфекциялық стационарға байланыста болған адамдар ретінде жатқызылды. Экипаждың сегіз мүшесінің төртеуі үй карантиніне жіберілді, төртеуі стационарда. Экипаждың барлық мүшелерінің әл – ауқаты қанағаттанарлық, денсаулық жағдайына шағымдар жоқ", - деп хабарлады ССЭК.

Air Astana-да бұл жағдай туралы байланысқа түскен жолаушылардан өзге, сол күні экипаждың сегіз мүшесі де ауруханаға жатқызылғаны хабарлаған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: