Делиден Алматыға ұшып келген жолаушыдан қауіпті дерт анықталды: Air Astana түсініктеме берді

Air Astana, Дели, Алматы, тырысқақ, жолаушы, карантин, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 19:57 Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
5 сәуірде Air Astana әуе компаниясы тырысқақ дертін жұқтырып алған болуы мүмкін деген күдікпен карантинге жабылған жолаушы оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе компаниясы 2024 жылы 4 сәуірде Дели – Алматы бағытында қатынайтын КС 908 рейсінің экипажы тиісті рәсімге сәйкес әрекет еткенін мәлімдеді. Борт серіктері медициналық желіге хабарласып, науқас жолаушыға қажетті дәрі берді.

"Ұшақ 65-ші, яғни ең алыс тұраққа қойылды. Ұшақ бортында зарарсыздандыру шаралары жүргізіліп, ол бүгін кешкі рейске, бір күннен кейін шығады. Дәрігерлер мен санитарлық-карантиндік бекет қызметкерлері науқас жолаушыны, онымен жақын байланыстағы өзге жолаушыларды және экипаждың сегіз мүшесін ауруханаға жатқызды", делінген хабарламада.

Air Astana бұл әрекеттер санитарлық-карантиндік бекет алгоритмі бойынша қабылданғанын нақтылай кетті.

Айта кетсек, 5 сәуірде Денсаулық сақтау министрлігі Үндістаннан Алматыға ұшып келген жолаушыдан қауіпті жұқпалы дерт анықталғанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: