Air Astana елордадан Алматыға ұшып шыққан ұшақтың әуежайға оралу себебін атады
27 наурызда сағат 7: 43-те Air Astana әуе компаниясының ұшағы ұшып шыққан Нұр-Сұлтандағы әуежайға оралды. Азаматтық авиация комитеті мұны герметиканың аяқ-астынан жоғалу себебімен түсіндірді.
Алматыда бағыт алған ұшақтың бортында 158 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Ұшақ елорда әуежайына сағат 08:32-де аман-есен қонды.
Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі оқиғаға не себеп болғанын айтты. 27 наурызда Нұр-Сұлтан — Алматы бағыты бойынша КС 622 рейсін орындаған Airbus А321 бортындағы қозғалтқышты әуеде іске қосу клапандарының бірінің істен шыққаны туралы ескерту тетігі іске қосылған.
Бұл белгіні жою үшін, нұсқаулыққа сәйкес, экипаж ауа баптау жүйесіне ауа қабылдау тетігін ажыратты. Ұшақты төмендете бастаған экипаж көмекші қондырғыны іске қосып, ауа баптау жүйесіне резервтік ауа қабылдау тетігін қосты. Төмендеу кезінде кабинаға зақым келмеді, сәйкесінше оттегі маскаларын қолдану қажет болмады. Экипаж жолаушыларға ұшып шыққан әуежайға оралатыны туралы хабарлады. Қону штаттық режимде жүргізілді. Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі
Жолаушылар басқа ұшақпен белгіленген маршрут бойынша жергілікті уақыт - сағат 12:15-те ұшып кетті.