Елордадан ұшып шыққан Air Astana ұшағы шұғыл түрде әуежайға кері оралды
Сурет: Zakon.kz
Ұшақ бортында 158 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен жағдайларды тексеру басқармасы тергеу жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
27 наурызда сағат 07: 43-те Air Astana әуе компаниясының Нұр-Сұлтан қаласынан ұшып шыққан ұшағы герметиканың жоғалуына байланысты әуежайға оралды, деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
Алматыда бағыт алған ұшақтың бортында 158 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Ұшақ елорда әуежайына сағат 08:32-де аман-есен қонды.
Аталған факті бойынша ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен жағдайларды тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript