Қазақстан Мұсылмандары одағының басшысы қамауға алынды

Sputniknews.kz Sputniknews.kz
Мұрат Телібеков көлікте көз жұмған жүргізушіні видеоға түсіргені үшін ұсталған, дегенмен Мұсылмандар одағы оны белгісіз біреулер ұрып кеткенін мәлімдеді.

"Қазақстан Мұсылмандары одағы" бірлестігінің басшысы Мұрат Телібеков көлікте көз жұмған жүргізушіні видеоға түсіргені үшін ұсталды, - деп хабарлады Sputnik Қазақстан Алматы ІІД ресми өкіліне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, Тимирязев көшесімен келе жатқан жүргізуші өзін жайсыз сезініп, жол шетіне тоқтап, сол жерде көз жұмған. ІІБ қызметкерлері қажетті шараларды қолға алып жатқан кезде оқиға орнына Телібеков келген. Ол туыстарынан рұқсат алмастан, қаза болған адамның мәйітін видеоға түсіре бастайды.

"Туыстары ескерту жасайды, бірақ оны елемеген. Сол кезде Телібеков пен марқұмның әкесінің арасында жанжал шыққан. Жол полициясының экипажы Телібековты тұтқындап, түсіндіру жұмысын жүргізу үшін АІІБ-ге жеткізеді. Сол жерде ол өзін ренжіткен адамның үстінен арыз жазды, содан кейін оны босатып жіберді", — деді Әзірбек.

Мұрат Телібековтың соққығы жығылғаны туралы хабарламаны кеше Қазақстан Мұсылмандары одағы таратқан болатын. Оқиға 19 желтоқса күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында болған.

"Университет студенттері мен оқытушыларының көз алдында белгісіз біреулер М.Телібековты ұрып-соқты… Соққыға жығылған құқық қорғаушыны полицейлер көлікке күштеп мінгізіп, ұялы телефонын тартып алып, Бостандық АІІБ-ге алып кетті", — деп жазылған ҚМО хабарламасында.

"Қазақстан Мұсылмандары одағы" бірлестігі 2005 жылы жеке қор ретінде тіркелген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз