Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО-да қаржы басқармасының басшысы тағайындалды

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2017 15:43 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
А.Б.Тасыбаев 1977 жылы 4 мамырда туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-экономист.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыстық қаржы басқармасының басшысы лауазымына Абдрахман Батырбекұлы Тасыбаев тағайындалды. БҰл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

А.Б.Тасыбаев 1977 жылы 4 мамырда туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-экономист.

Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.

2002-2011 жылдары ОҚО қаржы және коммуналдық меншік департаментінің бөлім бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі басқарма бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты тексеру комиссиясының бөлім меңгерушісі ретінде еңбек еткен.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымын атқарып келді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: