БЖЗҚ қаржысы салынған Әзербайжан банкі қарызын 15 жыл ішінде төлейді

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
БЖЗҚ 71,3 млрд теңге инвестиция салған Әзербайжанның халықаралық банкі банкротқа ұшырау туралы сотқа өтініш берген еді.

Әзербайжан банкі Қазақстанға қарызын 15 жыл мерзім ішінде төлейтін болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Жалпы айтқанда біз бұл ақшаны жоғалтқан жоқпыз. Егер банк, шынында да, банкротқа ұшыраса немесе қарыздың қайта өзгеріспен төленуін несие берушілердің басым көпшілігі қолдамағанда ақшаны жоғалту қаупі туындайтын еді. Бүгінгі таңда банктің бұл облигациялары Әзербайжанның дербес облигацияларына ауыстырылған. Қорытындысында 3,5 пайыздық мөлшеремемен 250 млн АҚШ доллар ақшаның қайтарымы 15 жылға ұзартылды. Бұл қағаздар өтімді болып табылады», - дейді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Парламент Мәжілісінің отырысында.

Оның айтуына қарағанда, қазақстандықтар үшін жоғарыда айтылған қаражат жоғалды деу артық әңгіме.

«Біз қаржыны жоғалттық деп айтуға болмайды. Иә, айырмашылық бар. Бірақ негізгі соманы біз жоғалтқан жоқпыз», - дейді ол.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 71,3 млрд теңге инвестиция салған Әзербайжанның халықаралық банкі банкротқа ұшырау туралы сотқа өтініш берген еді. Қазіргі кезде аталған қаржы мекемесі сыртқы қарыз бойынша төлем жүргізуді тоқтатып, несие берушілермен банктің құрылымын қайта өзгерту бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Қаржылық проблема Әзербайжанның ұлттық валютасының девальвациясы мен мұнай бағасының құлдырауы салдарынан туындаған еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз