Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Туберкулездің ашық түрімен ауырған мұғалім балаларға сабақ берген

Қазір науқас облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде ем қабылдап жатыр.

Сурет : ҚазАқпарат23 Ақпан 2018, 17:45

Ақтөбе қаласындағы ақылы қосымша сабақ беретін білім ордасының мұғалімі туберкулездің ашық түріне шалдыққан. 20 жастағы мұғаліммен байланыста болған балалар енді медициналық тексеруден өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласындағы «Дарина» оқу орталығының ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін ұстаз құрт ауруына шалдыққан. Мұны естіген ата-аналар білім беру орталығына санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілмегенін, сабақтар уақытша тоқтатылмағанын айтып шағымданды. Бірақ оқу орталығы ғимарат ішіне залалсыздандыру жұмыстары жүргізілгенін айтып отыр.

«Бізге санитар мамандар келіп, ғимарат ішін залалсыздандыру жұмыстарын айтты. Талап бойынша дезинфекция жасалды. Мен жауапкершілікті сезініп, ата-аналарға хабарлауды жөн санадым. Бірақ «хабарды учаскелік дәрігерлер береді, сіздің жұмысыңыз емес» деп ескерту жасады», - деді оқу орталығының басшысы Ирина Аверьянова.

Жас маман бар болғаны үш апта сабақ берді. Ағылшын тілін оқып жүрген балалардың 112-сі осы мұғалімнен дәріс алған. Дәрігерлер балаға аурудың жұққанын немесе жұқпағанын анықтау қиынға соғатынын жасырмады. Себебі, туберкулез уақыт өте келе анықталуы мүмкін.

«Алдағы уақытта қан алу, ренгенге түсіру жұмыстары жүргізіледі. Зәр анализі алынып, балаларға манту салынады. Мұғалім туберкулездің ашық түріне шалдыққан», - деді Ақтөбе облыстық медицина ортылығы бас дәрігерінің орынбасары Ләззат Рсалиева.

Қазір науқас облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде ем қабылдап жатыр.

«20 жастағы ақтөбелік 2 ақпан күні емханаға барып, 10 күн бойы ем қабылдады. Қызуы көтеріліп, кеуде тұсы ауырған кезде дәрігерлер пневмоция деп емдеді. Дәрі қабылдаған соң фтизиаторға жіберілді. Кейін оған туберкулез диагнозы қойылды. Шын мәнінде ауру белгісі енді ғана анықталды», - деді Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Ерлан Тәтімов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер