Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО-да әжетхана ашамын деп дауға қалған әкім парамен ұсталды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2018 22:38 ҚазАқпарат
Жетісай қаласының әкімі Базарбаев 200 мың теңге пара алған.

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы әжетхана ашамын деп басы дауға қалған әкім парамен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мақтаарал аудандық сотының судьясы Сейілхан Мұсабековтың сөзінше, Жетісай қаласының әкімі Байдуалы Базарбаевқа қатысты сот санкциясы 20 ақпанда шыққан.

«Мақтаарал аудандық сотының тергеу судьясы Мұхтар Жолдасбеков Жетісай қаласының әкімі Базарбаевқа бұлтартпау шарасын қолданды. Ол кепіл ретінде құны 13 млн теңге тұратын үйін қойған. Сотқа түскен мәліметке сәйкес, Жетісай қаласының әкімі Базарбаев 200 мың теңге пара алған. Оған ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 2-бөлігімен «Пара алу» бойынша айып тағылуда. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерілуде. Әзірге сотқа түскен жоқ», - деді судья Сейілхан Мұсабеков.

Айта кетейік, парамен ұсталған әкім өткен жылдың қаңтар айында Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласында заманауи үлгідегі қоғамдық әжетхананың ашылуына қатысып, басы дауға қалған болатын. Бұл нысан аудан әкімінің бастамасымен бой көтергенін айтқан шенеунік оны салуға 3,1 млн теңге жұмсалғанын жеткізген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: