Қазақстанға көбінесе қай елдің азаматтары келетіні белгілі болды

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Ресми статистика бойынша соңғы үш жылда біздің елімізге 5,6 млн астам шетелдік азамат келген.

Еліміздегі көші-қон саласында есірткі бизнесіне, адам саудасына қатысты оқиғалар аз емес. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздегі көші-қон процесі өте ауқымды, болашақта ол тек арта түседі. Ресми статистика бойынша соңғы үш жылда біздің елімізге 5,6 млн астам шетелдік азамат келген. Олардың 90 пайыздан астамы ТМД елдерінен, яғни негізінен Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келгендер. Сонымен қатар алыс шетелден елімізге сапарлайтын мигранттардың қатары көбейгені байқалуда. Осы уақытта олардың саны 620 мың адамға жетті. Бұл шетелдіктердің көбі Қытай мен Түркия азаматтары», - деді министр.

Атқарылып жатқан жұмыстардың басты міндеттері заңсыз көші-қонмен күресуге негізделгеніне тоқталған Қасымов, себебі бұл шаралар еліміздегі қоғамдық тәртіп үшін маңызды екенін жеткізді. «Өйткені көші-қон ағымы есірткі бизнесімен, адам саудасымен, экстрмизм және лаңкестікпен байланысты болған кездері аз емес. Бұл салада бақылау мен реттеуді тиімді ұйымдастырмасақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зиян келуі мүмкін», - деді Қалмұханбет Қасымов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз