Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Әнші Адам «А-студиолық» музыкантпен дуэт құрды

Су жаңа топқа «Adam X» деген атау да таңдалынып қойған.

Сурет : Stan.kz24 Сәуір 2018, 14:48

Көптен бері көзден таса болған әнші Адам, сахнаға қайта оралды. «А-Студиолық» саксафоншы серімен ортақ топ құрған ол, бұдан-былай шетелдік тыңдарманның жүрегін жаулауды көздеп отыр. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Шығармашылығы қайта жанданған Адам «Жаным» атты су жаңа әнінің тұсауын кесті. Өнерпаздың өзі, ұзаққа созылған үнсіздігін дауыл алдындағы тыныштыққа балайды.

“Бұны камбэк деп санауға болады деп ойлаймын. Өйткені, көп болды ғой клип түсірмей, сахнаға шықпай жүргеніме. Сондықтан, бұл проект пен жаңа тыныс. Шығармашылық үзілістің себебі, өзімнің профессионалдық деңгейімді көтердім”, – дейді Адам.

Ұзақ ізденістен соң, шалқар шабытын қайта тапқан әнші, бұдан былай «А-Студио» тобының саксафоншысы – Макс Варшавскимен бірге өнер көрсетпек. Тіпті, су жаңа топқа «Adam X» деген атау да таңдалынып қойған.

«А-Студиомен соңғы 3 жыл бойы бірге жұмыс істеудеміз. Ұжымның 30-жылдық мерейтойлық концерттерінен кейін, үлкен үзіліс болады. Сол уақытты Адам екеуіміздің жобамызға арнағым келіп отыр. Яғни, екі жақта да жүре беремін”, – дейді Макс Варшавский.

Ал, екі ел өнерпаздарының басын қосқан ұжымға, ресейлік продюсер Александр Хирзикорн жетекшілік етпек.

“Макс Қазақстанға «А-Студиомен» өнер көрсетуге келген болатын. Сол кезде мені Адаммен таныстырды. Оның өнеріне бірден тәнті болдым. Көре сала, ортақ жоба құруды ойластырдық”, – дейді продюсер Хирзикорн.

Адам мен Макстың таныстығы, сонау 2013 жылғы «Новая волна» байқауынан басталыпты. Бүгінде, дуэт Қазақстаннан өзге елдердің де сахнасын бағындыруды жоспарлап отыр.

“Мақсаттарымыз көп. Өйткені жақында, тағы да үлкен жұлдызбен жаңа ән жазамыз”, – дейді Адам.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер