Қостанайдағы спорт мектебінде 8 жасар оқушы шынашағынан айырылды

primetytut.ru primetytut.ru
8 жасар оқушының сол жақ қолына зілтемірдің дөңгелегі түсіп кеткен.

Дәрігерлер Сарыкөл ауданындағы спорт мектебінің тәрбиеленушісінің саусағының бір бөлігін кесіп тастауға мәжбүр болды. Осы іске қатысты тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода мәлім етілгендей, оқиға 13 сәуір күні Сарыкөл ауданының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде болған.

«8 жасар оқушының сол жақ қолына зілтемірдің дөңгелегі түсіп кеткен. Дәрігерлер баланың шынашақ сүйегін кесіп алып тастады. 28 сәуір күні тиісті сараптамалар құрылды. Соның нәтижесінде процессуалды шешім шығады», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қазір бұл факт бойынша ҚР ҚК «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз