Жаңалықтар тізбегі
0

Жезқазғанда үй салуға жер телімдері беріле бастады

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 14:59 Хабар 24
Қазір жер алған алғашқы 100 адам құрылысты бастап кетті.

Жезқазған қаласында үй салуға жер телімдері беріле бастады, деп хабарлайды Хабар 24.

Инженерлік-коммуникациялық жүйе дайын болмаған соң соңғы 12 жылда бұл жұмыс тұралап қалған еді. Қазір жер алған алғашқы 100 адам құрылысты бастап кетті. Ал кезекте тұрғандар саны әлі де 2800-ге жуық.

Жезқазған қаласының тұрғыны Гүлзада Шомаева жер кезегін 10 жылдан артық күткен. Жанұясы үлкен болған соң шаңырағын кеңейтіп, зәулім баспана салуды армандапты. Көптен күткен қуанышына әйтеуір қол жеткізіп, бүгін үйдің алғашқы қазығын қақты.

– 2006 жылы осы Жезқазған қаласының әкімдігіне жер алу үшін өтініш берген болатынбыз. Енді міне, биыл біздің отбасымызда үлкен қуаныш. Өз қалауымызбен осы жерге үй саламыз деп жоспарлап отырмыз, - деді Жезқазған қаласының тұрғыны Гүлзада Шомаева.

Дәл қазір қаланың бұл ауданында үй салуға дайын 670 жер телімі бар. Бірақ бұл жеткіліксіз. Кезекте әлі 2800-дей адам тұр. Олардың көбейіп кетуіне соңғы 12 жылда бірде-бір жер телімінің тапсырылмауы себеп. Ал оны беру үшін әуелі инфрақұрылымын реттеу керек. Өкінішке қарай, оған 2006 жылдан бері қаржы бөлінбеген.

– Бізде ҚР заңына сәйкес, дайын емес алаңдарға жер телімдерін беруге болмайды. Осы уақытқа дейін республика бюджетінен бізге 900 миллион теңге бөліну керек еді. Сол қаражаттар 2014 жылдан бастап бөлінді, 2017 жылы ғана инфрақұрылымдар салынып бітті. Сол Батыс алаңдарда дайын участкелерден біз жер беріп жатырмыз, - дейді Жезқазған қаласы жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алиса Сағымбаева.

Келісімшарт бойынша енді жер телімін алғандар екі жыл ішінде үй салып бітуі тиіс. Оған дейін жер жалға беріледі. Тек құрылыстың аяқталғаны жөнінде тиісті құжатты әкімдікке тапсырған соң ғана жер жекеменшікке өтпек. Қазір жергілікті билік кезекті жылдамдату үшін қаланың Батыс аумағынан тағы жер телімдерін дайындап жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: