Жаңалықтар тізбегі
0

Жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық өршіп тұр

abai.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 23:28 abai.kz
Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жер қатынастарына қатысты кәсіпкерлер тарапынан келіп түсетін арыз-шағымның азаймауына байланысты осы мәселені зертеу үшін арнайы сараптамалық топ құрылған.

Жер қатынастары еліміздегі сыбайлас жемқорлық белең алған бес саланың бірі болып отыр. Бұл жөнінде бүгін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында кеңес мүшесі Нұрлан Құдайбергенов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жер қатынастарына қатысты кәсіпкерлер тарапынан келіп түсетін арыз-шағымның азаймауына байланысты осы мәселені зертеу үшін арнайы сараптамалық топ құрылған.

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметі бойынша, 2017 жылы жер қатынастары саласында 150 сыйбайлас жемқорлық қылмысы анықталған. Соның ішінде, Маңғыстау облысында – 50, Жамбыл облысында – 42, Павлодар облысында – 22 факті тіркелген. Бұл жағдайларда пара алу, алаяқтық, жер телімдерін беру кезінде қызметтік лауазымды асыра пайдалану секілді фактілер басым», - деді Құдайбергенов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қазіргі уақытта Жер кодексіне тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатыр және мұның өз кезегінде аталған саладағы жағдайдың жақсаруына өзіндік септігін тигізеді.

«Құқық бұзуға итермелейтін себептердің қатарында бос жер телімдері туралы ақпараттың болмауы, жер алу кезегінің сақталмауы бар. Бұған қоса, жерді саудалау кезінде байқау комиссиясы құрылады. Ал, көп жағдайда ол комиссия құрамына мүдделі лауазымды тұлғалар кіреді. Осылайша, өкілеттік орган тарапынан жергілікті атқарушы органдар жұмысына деген лайықты бақылаудың болмауы заң бұзуға қолайлы жағдай туғызуда», - деді комиссия мүшесі.

Ақмарал Шағатай

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: