Астанада батут аударылып, 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
«Жаннұр» сауда орталығының аумағында балалар ойнап жатқан батутты жел ұшырып әкетті.

Дәрігерлер Астанада қатты желден батуттың аударылуы салдарынан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«4 бала осы кезде анестезиология, интенсивті терапия және жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайлары ауыр. Тағы бір бала нейрохирургия бөлімінде. Қазіргі таңда дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр»,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада балалардың №2 қалалық балалар ауруханасына жедел түрде жедел жәрдем қызметінің көмегімен жеткізілгендігі айтылады.

Айта кетейік, «Жаннұр» сауда орталығының аумағында балалар ойнап жатқан батутты жел ұшырып әкетті.

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің мәліметтерінше, батут бекітілген жерден 20 метр қашықтыққа жылжып кеткен. Осы оқиғаның салдарынан 5 бала ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз