Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Атамқұлов: Интернеттің бұғатталуына біздің қатысымыз жоқ

Қорғаныс министрлігі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады.

Сурет : media.kg14 Мамыр 2018, 14:48

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда интернеттің бұғатталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Білесіздер ме, бұл менің салама жатпайды. Менің бағытым емес, сондықтан тіпті білмеймін. Шынымды айтсам, менің өзім интернет қолданушысымын", — деді ол.

Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады.

«Біздікі мүлдем басқа бағыт бар. Сосын цифрландыру, біз оның ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы қызметтердің жаңа түріне өту екенін түсінеміз ғой», - деді Атамқұлов.

Б.Атамқұлов спутниктердің ұсынатын қызметтерін атап өтті.

"Біз бүгінде KazSat, KazSat-2 және KazSat-3 спутниктерінің қызметін ұсынамыз. Қазіргі таңда біздің спутниктер жерүсті байланыс жоқ учаскелерді қамтамасыз ете алады. Сондықтан, бұл тұста біздің сервистік қызметтер ұсынылады. Ал интернеттің бұғатталуына біздің қатысымыз жоқ", — деді ведомство басшысы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер