Жаңалықтар тізбегі
0

Президент: Криптовалюта мен блокчейн технологиялар қаржы нарығын түбегейлі өзгертеді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2018 19:41 Сурет: zakon.kz
Елбасы өз сөзінде цифрландырудың адамдар өмірінің барлық аспектілерінің бірінші мегатренді болып отырғанына тоқталды.

Бүгін Global Challenges Summit 2018 форумында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік экономикаға цифрландыру процесінің ықпалына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы өз сөзінде цифрландырудың адамдар өмірінің барлық аспектілерінің бірінші мегатренді болып отырғанына тоқталды.

«Біздің көз алдымызда қарқынды түрде экономиканың жаңа моделі құрылуда. Бизнес қана емес, сонымен қатар қоғамның барша өмірі цифрландырылған. Жаңа технологиялардың қарқынды дамуы базалық факторларды өзгертеді. Өндірістерді қадағалайтын әрі жақсарта алатын, өзін-өзі жетілдіретін электронды жүйелер үйреншікті құбылысқа айналды. 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік экономиканы 16 трлн долларға арттырады», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Елбасының сөзіне қарағанда, криптовалюталар феномені мен блокчейн технологиялары банктерді қамти отырып, қаржы нарығы үшін түбегейлі өзгерістерді алып келетін болады.

«Сарапшылардың пайымынша, 500 ірі компанияның 200-і алдағы онжылдықта жойылып кетеді. Сонымен бірге, цифрландырумен қатар киберқылмыс та ілесіп жүреді. Яғни киберқылмыс 2017 жылы бизнес үшін ең қатерлі қауіп ретінде танылды, алайда бұл қылмыс түрі бір жыл бұрынғы тізімде тек бесінші орында тұрған еді. Әрине, осы және өзге де факторлар елдердің цифрлық провинцияда қалып қоймауы талпынысын ескертеді. Біз де бұл шынайылықтарға бейімделудеміз. Бұл тұрғыда Цифрлық Қазақстан бағдарламасы іске қосылды. Оны жүзеге асыру цифрлық инфрақұрылымның дамуын қамтамасыз етеді», - деді Елбасы.

Форумға қатысты барлық жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: