Ақтөбеде 40 мың доллар пара берген прокурор сотталды

Baq.kz Baq.kz
Соттың шешімімен Қадыров 7 жылға сотталды.

2017 жылдың қараша айында прокурор Есентұр Қадыров ҚР Бас прокуратура өкіліне пара берген, деп хабарлайды Baq.kz.

Осылайша, ол өзіне қатысты салғырттық үшін қозғалған қылмыстық іске көз жұма қарауды қалаған. Бұл істе Есентұр Қадыров куәгерлік еткен.

Тергеу барысында заң бұзушылықтар анықталған соң сот жалған кәсіпкерлік бойынша айыпталған азаматтарды ақтап шыққан. Мемлекетке келген шығынның көлемі – 6 млрд теңгеден астам.

Бірақ кейін аталған іс қайта қозғалған. Себебі, Бас прокуратура жергілікті прокурордың салғырттығынан «айыпталушылар ақталып шыққан» деген шешімге келген. Олардың арасында Есентұр Қадыров та бар.

Тергеу барысында ол жұмысынан шеттетілген. Бұл жағдай оның мансабының өсуіне кедергі келтірген.

Бас прокуратура жоғарыда аталған іске көз жұма қарау үшін ол аталған ведомствоның өкілі Айбол Төлегеновке 40 мың доллар пара беруге шешім қабылдаған. Бірақ Төлегенов мұны Бас прокуратураға айтқан. Осылайша, 2017 жылдың 13 қарашасында Есентұр Қадыров пара беру барысында ұсталған.

Соттың шешімімен Қадыров 7 жылға сотталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз