Гватемелада жанартау атқылауынан 25 адам көз жұмды

4 Маусым 2018, 12:27
Сурет: Хабар 24

Гватемелада жанартау атқылауы тіркеліп, салдарынан 25 адам ажал құшты, деп хабарлайды Хабар 24.

Осыған дейін 7 адамның көз жұмып, 300 тұрғынның түрлі деңгейде жарақат алғаны хабарланған болатын.

«Табиғи апат салдарын координциялау» ұлттық ұйымы 17 миллион азаматы бар Гватемалланың 1 жарым миллионнан аса халқының жапа шеккенін мәлімдеді. Жанартаудың атқылауы әлі де тоқтамай тұр. Күл мен бу 10 шақырым биіктікке көтеріліп жатыр. Жергілікті билік 5 елді мекенде қауіптің ең жоғары деңгейін жариялады. Ел басшысы Джимми Моралес халықты сабырлық сақтап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Көршілес мемлекеттер Гватемалаға көмек көрсетуге дайын екенін айтты. Ал Мексика президенті Энрике Пенья Ньето қаза тапқандар отбасына көңіл айтты.

- Көктегі қара түтінді көре салып теңіз деңгейінен жоғарыда тұрған төбеге қарай жүгірдік. Уақтылы қашып үлгергеніміздің арқасында ғана аман қалдық деп ойлаймын, - деді тұрғын Консуэла Хернандес.

- Осындай қиын сәтте қол ұшын созып, біздің жағдайға немқұрайлы қарамаған жандардың барлығына алғысымды білдіремін, - дейді Гватемала президенті Джимми Моралес.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?