Жаңалықтар тізбегі
0

Бақытжан Сағынтаев менингитке барлық ауруханаларды жұмылдыруды тапсырды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2018 16:56 24.kz
Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ менингит симптомы бар науқастарды өзі тіркелген жерге апарып, уақыт жоғалтудың дұрыс еместігін айтты.

Үкіметтің бүгінгі отырысында Бақытжан Сағынтаев менингококк инфекциясының таралуын тоқтатуға қатысты жедел шаралар қабылданбай отырғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың есебін тыңдаған Үкімет басшысы ең әуелі түсіндіру жұмыстарын жолға қою қажеттігін ескертті.

«Халыққа жеткізіп отыру қажет. Жаңа өзіңіз диаграмма арқылы қай жылда көп, қай жылда аз болғанын көрсеттіңіз. Биыл бұл мәселе көп талқылауға түсіп жатыр. Ақпараттық жұмыстарды жандандыра түсу қажет» деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар Премьер-министр вакцинациялау мәселесінде нақты әрі дұрыс ақпарат жоқтығын айтты.

«Вакцинаны егу керек пе, жоқ па?» деген сияқты сауалдар қойылып жүр. Кеше бір үлкен кәсіпорынның басшысы келіп «Жұмысшыларымның бәріне егу жұмысын жүргіземін бе, жүргізбеймін бе? Маған ашып айтыңыздар. Өйткені, жұмысшылар арасында алаңдаушылық басталды» деді. Осындай сұрақтарға жауап беріп, түсіндіріп жатқан ешкім жоқ. Вакцинаны өз еркімен алу мәселесі халықтың арасында күннен күнге көтеріліп келеді. Оның бағасы бір облыста 40 мың теңге, ал екінші облыста 20 мың теңге тұрады» деді Үкімет басшысы.

Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ менингит симптомы бар науқастарды өзі тіркелген жерге апарып, уақыт жоғалтудың дұрыс еместігін айтты.

«Облыстық науқас, қалалық науқас деп ауруханалар қабылдамайды. Мұндай мәселелерді оперативті шешу керек қой, Елжан Амантайұлы. Кеше оқып отырмыз, бір кісі баласынан үш сағатта айырылып қалған. Талғардан Қаскелеңге жеткенше қай заман? Неге оны Алматыға жатқызу болмайды? Неге осындай мәселелерді жедел тапсырма беріп шешпейсіздер? Немесе әкімдерге айту керек, барлық ауруханаларға осы инфекциямен келген адамдарға жедел көмек беруді тапсыру керек. Бұл жөнінен жұмыста кемшіліктер бар, Елжан Амантайұлы» деді Премьер-министр.

Бақытжан Сағынтаев менингит мәселесі бойынша қажетті шешімді қабылдап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Қарлыға Бүйейбай

Тақырыпқа қатысты жаңалықтарды мына сілтемеден өтіп оқыңыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: