Алматыда ірі жол апаты болып, екі адам зардап шекті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 15:42 zakon.kz
Екі жүргізуші де ауруханаға жеткізілді.

Демалыс күні, 24 маусымда Алматыда екі жеңіл көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Сүйінбай даңғылының бойында, Райымбек даңғылынан төмен жақта орын алды. Chevrolet Lacetti көлігі оңтүстік бағытта келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол сәтте оны жанынан солтүстік бағытта келе жатқан Lada Priora көлігі келіп соғады.

Соққының салдарынан Chevrolet көлігі қатты майысып, көліктен жанармай мен май аға бастайды.

Екі жүргізуші де зардап шекті. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Chevrolet көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алған, себебі соққы жүргізуші жақтан болған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 15:42, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 15:42, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 15:42, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 15:42, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 15:42

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: