Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Денис Тен ауруханада көз жұмды

Спортшыны көлігінің айнасын ұрламақ болған қылмыскерлер пышақтап кетті.

Сурет : zakon.kz19 Шілде 2018, 22:22

19 шілде күні мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ауруханада көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шабуыл бүгін сағат 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында жасалған. Жедел жәрдемді куәгерлер шақырған. Ол Орталық қалалық клиникалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Кейін Денис Теннің ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.

Алматы ІІІД хабарлағандай, спортшыны көлігінің айнасын ұрламақ болған қылмыскерлер пышақтап кеткен, ұрыларды көрген бойда Денис Тен олармен жанжалдасқан, салдарынан пышақ жарақатын алған. Аталған факт бойынша тергеу жұмыстары басталды, қылмыскерлерді іздестіру үшін Алматы полициясының барлық құрамы жұмылдырылды.

Денис Тен - мәнерлеп сырғанау бойынша Қазақстанның бес дүркін чемпионы, 2014 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, конькимен жүгіруден Халықаралық одақтың рейтингінде 9 орында тұр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер