Жаңалықтар тізбегі
0

Өрт сөндірушілер терезеден құлауға шақ қалған 5 жасар бүлдіршінді құтқарды

baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2018 17:55 baq.kz
Жалпы, Ертіс өңірінде соңғы үш жылда 30-ға жуық бала терезеден құлап, тоғызы көз жұмған.

Ақсу қаласының өрт сөндірушілері терезеден құлауға шақ қалған 5 жасар бүлдіршінді құтқарды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел құтқарушының пультіне Ақсу қаласындағы көпқабатты үйдің терезесінен кішкентай баланың қарап тұрғаны туралы шақырту түскен.

«Куәгерлер пәтерге кіре алмайтындарын айтты. Ал баланың ата-анасы қараусыз қалдырып кеткен болып шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, төменге құлайын деп тұрған балақайды автобаспалдақ арқылы түсірдік», - дейді құтқарушылар.

Көршілердің айтуынша, құтқарушылар болмаса, қайғылы оқиға орын алуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда Ақсу қалалық ішкі істер басқармасының мамандары тексеріс жүргізуде. Баланың неліктен қараусыз қалғаны анықталуда.

Еске сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Ақсуда екі жасар бала екінші қабаттың терезесінен төмен құлап, жарақат алды. Сәби бас миының жеңіл жарақатын алып, облыстық балалар ауруханасының травмотология бөліміне жатқызылды.

Жалпы, Ертіс өңірінде соңғы үш жылда 30-ға жуық бала терезеден құлап, тоғызы көз жұмған. Ал былтырғы жылы алты оқыс оқиға тіркеліп, соңы балалардың өлімімен аяқталды.

Айта кетейік, қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында облыста «Қауіпсіз терезе» акциясы бастау алды. Павлодар қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, облыс орталығында 67 мемлекеттік балабақша бар. Бұл ұйымдарда 17 мыңға жуық балғын тәрбие алуда. Олардың 10 мыңы екінші қабаттан жоғары орнатылған пәтерлерде тұрады. Тек 4105 бала терезелердегі қаіпсіздік құралдарымен қамтылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: