Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде мектеп оқушылары түнгі мезгілде бильярд ойнап жүр

aktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2018 21:55 aktobenews.kz
Жас сақшылар көңіл көтеру орындарында жүрген мектеп оқушыларын кездестірген.

Бұл туралы облыстық жастар басқармасының басшысы хабарлады. БАҚ өкілдеріне ерікті студенттерден құралған «Жас сақшы» тобының жұмысын түсіндірген жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы балаларын түнгі мезгілде қараусыз жіберетін ата-аналардың азаймай отырғанын айтты, деп жазады Ақтөбеньюс.

«Осы «Жас сақшы» студенттер қауымдастығының көмегімен жоғары және арнаулы оқу орындарының жатақханаларын қадағалайтын боламыз. Алдағы аптада медициналық университеттің жатақханасына барамыз. Онда жатақханаларға жасалған жөндеу жұмыстарын қаралады. Медициналық университетте жаңа жатақхананың құрылысы қолға алынып жатыр. Бұл оқу орнында жатақханаларды электронды бөлу де жақсы қойылған», — дейді облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Күнтуов.

Жас сақшылар көңіл көтеру орындарында жүрген мектеп оқушыларын кездестірген.

«Жас сақшы» тобының рейдтік жұмысы кешкі сағат 11-ден басталып, түнгі 1-ге дейін жалғасады. «Жас сақшы» жұмысына әкімдік тарапынан қолдау білдіріп, автобус бөлінеді. Кеше жасөспірімдердің бильярд залында жүргенін көрдік. Мектеп оқушылары түнде бильярд ойнап жүр. Балалар үшін бұл қауіпті», — дейді Күнтуов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: