Жаңалықтар тізбегі
0

Қасымбек: Көмір тапшылығы болмайды

ult.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2018 19:57 ult.kz
Көмірдің бағасы әр өңірге байланысты, бір тоннасы 14-18 мың теңге.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халықты көмірмен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы туралы хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Кеше ғана Үкіметте селекторлық жиын өткіздік. Біз бүкіл өңірлердегі энергетикалық және халыққа арналған көмірді қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Қазіргі уақытта баға тұрақты, өндірілген көмір көлемі былтырғыдан көп, вагондар да жеткілікті», - деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта алаңдауға еш себеп жоқ.

«Алаңдауға еш себеп жоқ. Өткен аптада Астанада тараған ақпарат теріс болып шықты. Қоймаларды көмір жоқ деген әңгіме болған. Кеше елорда әкімінің орынбасары көмірдің жоспарланған шекте жеткілікті екендігін ресми қуаттады. Проблема жоқ», - деді ол.

Ол Астанада көмірге қатысты «ешқандай қиындық жоқ» деп атап өтті.

"Біз барлығымен, Шұбаркөл, Қаражыра және өзге де жер қойнауын пайдаланушылармен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Бұл мәселені күнделікті бақылауда ұстап отырмыз. Қажет болса, күнделікті өндірілген, тасымалданған, дайындалған көмір көлемі туралы ақпаратты бере аламыз", - деді Қасымбек.

Министр, сондай-ақ, көмірдің бағасы аймаққа байланысты екенін атап өтті.

«Бағасы әр өңірге байланысты. Әр облыста бір тоннасы 14-18 мың», - деді ол.

Ал Алматыда 30 мыңға жетті деген ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын айта кетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: