Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте трактор мен жүк көлігі соқтығысып, 5 адам зардап шекті

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2018 21:53 Baq.kz
«Howo» маркалы жүк көлігі бір бағытта кетіп бара жатқан тракторға соғылған.

Бүгін таңертең Шымкент қаласында трактор мен жүк көлігі жолға таласып соқтығысып қалды. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Baq.kz.

«Howo» маркалы жүк көлігі бір бағытта кетіп бара жатқан тракторға соғылған. Нәтижесінде трактордың адамдар отырған тіркегіші аударылып қалған. Олардың барлығы «Байтерек ЛБ» компаниясының жұмысшылары болып шықты.

«Трактор да мен де бір бағытта кетіп бара жаттық, содан екеуіміз де КамАЗды басып оздық, алайда трактор бірден мен жаққа бұрды, тежегіштібасқаныммен оны барып ұрдым. Жолды сол сәтте ғана жуған екен, сондықтан соғылудан қашып құтыла алмадым», - дейді жүк көлігінің жүргізушісі Айдын Әбдірешов.

Трактор жүргізушісі Сәбит Түлентаев өз кезегінде кері айналатын болғандықтан бұрылу шамын жақпағанын айтуда.

Қатты соққыдан трактордың тіркегіші аударылып кеткен. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері 3 ер адам мен 2 әйелге алғашқы көмек көрсеткен.

Жол полициясы оқиғаның мән-жайын анықтауда. Дегенімен олар нақты бір бұзушылықты тіркеп қойған: тіркегішпен адам тасуға үзілді-кесілді тиым салынған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: