Жаңалықтар тізбегі
0

Қырымда үш күндік қаралы күн жарияланды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2018 15:46 24.kz
Керчьте қаза тапқандар саны 20 адамға жетті

Керчь қаласындағы азық-түлік технология колледжінің ғимаратындағы жарылыстан жарақат алғандардың саны 68-ге жетті. 20 адам мерт болды. Қаза тапқандардың басым бөлігі жасөспірімдер деп жазады Хабар 24 арнасы.

Ауруханада жатқан 6 адамның бесеуі жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Вероника Скворцова хабарлады.

Жарылысты билік әу баста ресми түрде «лаңкестік әрекет» деп мойындаған еді. Сәлден кейін Ресейдің тергеу комитеті бұл оқиғаны қылмыстық іс деп мәлімдеді.

Қырым басшысы Сергей Аксёновтың айтуынша, жарылысты осы колледждің төртінші курс студенті ұйымдастырып, кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Оның денесі екінші қабаттағы кітапханадан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, қолдан жасалған жарылғыш зат асханада іске қосылған.

Куәгерлер ол жерден бір емес, бірнеше жарылыс пен атыстың дауысын естігенін айтады. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Қырымда үш күндік қаралы күн жарияланды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: