Жаңалықтар тізбегі
0

Ақшаға құныққан: Сәкен Майғазиев желідегі жазбасы үшін сынға қалды

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2018 21:25 stan.kz
Өз кезегінде әнші оқырмандарының мұндай әрекетіне таңғалғанын жасырмады.

Ақшаға құныққан. Желідегі парақшасында жарнамалық жазба жариялаған танымал әнші Сәкен Майғазиевті оқырмандары осылай деп сөгуде. Алайда әншінің желідегі оқырмандарына айтар өз уәжі бар. Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сәкен Майғазиевтің Instagram желісіндегі парақшасында 2,5 миллионнан аса адам жазылған. Әдетте өмірі мен өнердегі жаңалықтарын, сауатты жазбаларын жариялап жүрген Сәкен мырзаға желідегі оқырмандарының ықыласы бөлек. Олар үнемі әншінің жазбаларына жағымды пікірлерін қалдырып, қолдау білдіріп отырады. Десе де Майғазиевтің бұл жолы жарнамалық жазба жариялағанын көпшілігі жақтырмай қалды.

«Ақшаң бітті ме Сәкен? Жарнамаға кетіпсің ғой!», «Ұят кетті бұлардан. Алтын көрсе періште жолдан таяды!», «Сәкен ағай, сізге енді жарнама жасау қалып па? Сізді тек сахнадан көргіміз келеді», – деп сынады олар.

Өз кезегінде әнші оқырмандарының мұндай әрекетіне таңғалғанын жасырмады.

«Енді сен қалып едің, бірдеңе, бір жерге керек еді деген сияқты артық ауыз бейпіл сөздер көп болып кетті. Бейне бір арақты немесе темекі, насыбайды жарнама жасап жатқандай теріс айналып кеткен адамдарды көргенде мен таң қалдым. Соншалықы не болды? Мен бір қылмыс жасадым ба?..» – дейді «МузАрт» тобының әншісі.

Сонымен қатар отандық компанияның ресми бет-бейнесіне айналған Майғазиев бүгінде өнер саласында жүргендердің көбі жарнамамен айналысатынын айтты.

«Бір жағы ол кісілерді де түсінуге болады. Әнші ретінде ғана көргісі келеді. Бірақ қазіргі заманда Тимати керек болатын болса гамбургер пісіріп жүр ғой. Мысалға Сильвестр Сталлоне кәдімгі арақты жарнама жасап жүр. Дэвид Бэкхам сусабындарды, қазіргі Роналдаға дейін жарнамаға түседі», – дейді Сәкен Майғазиев.

Әншінің сөзінше, оған отандық компаниялардан жиі ұсыныс түседі. Алайда ол желідегі парақшасында әр жарнаманы «жеті рет өлшеп, бір рет кесіп» барып қана жариялайтынын айтуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: